logo
Қазақстан – Германия. Ойын күнінің аңдатпасы

Бүгін Қазақстан құрамасы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатында өзінің төртінші матчын ойнайды. Қарсылас – турнирдің ең нәтижелі командасы Германия.

Турнирдің басында немістер италиялықтарды ойсырата жеңді, алайда өздері де аз шайба өткізбеді. Одан кейін Норвегия мен Канаданы жеңді. Немістер – үш матчта 17 шайба салып, В тобынан жеңіліссіз келе жатқан, кестеде бірінші орында тұрған жалғыз команда. Соңғы жаңалық: Германия құрамасына «Эдмонтон Ойлерз» шабуылшысы Доминик Кахун қосылды, ойыншы бір күн бұрын Ригаға жетті.

Егер Қазақстан құрамасы күн бұрын АҚШ-пен күрделі матч өткізсе, қарсылас демалды. Біздің командамыздың қоржынында буллиттер бойынша екі жеңіс пен бір жеңіліс бар. Қазақстан бұл ойынның алдында бесінші қатарда тұр. Командалар соңғы рет 2014 жылы Минскідегі әлем чемпионатында кездесті, сол кезде біздің хоккейшілер Германияға буллиттер бойынша есе жіберді.

Валерий Орехов АҚШ-пен матчтан кейін Германиямен ойынға дайындық туралы ой бөлісті:

«Германия – жақсы команда, біздің сәл-пәл демалуға уақытымыз бар, бұл ойынды ертең талқылаймыз. Көреміз, берілген ережені орындап, жеңу үшін шығамыз. Біз жеңе алатынымызды білеміз, алғашқы ойындарда мұны көрсеттік, бізге барлығын көрсетеді, айтады, шығып, шайқасамыз», - дейді Қазақстан құрамасының қорғаушысы.

«Меніңше, барлығы деңгейлес командалар, - дейді қорғаушы Иван Степаненко, - алаңға шығып, соңғы рет ойнағандай барыңды салу керек, сол кезде жеңістің де ауылы алыстамайды. Жүз пайыз барымызды саламыз».

Қазақстан – Германия матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:15-те басталады. Бұл кездесуді тікелей эфирден «QAZSPORT» телеарнасы көрсетеді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ