logo
Хоккейден Қазақстан құрамасы Латвиядағы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда

Бүгін Беларусь командасына қарсы алғашқы жолдастық матч өтеді.

Бүгін Беларусь командасына қарсы алғашқы жолдастық матч өтеді. Командалар соңғы рет 10 ақпан күні «Qazaqstan Hockey Open» аясында кездесті, қарсыластар құрамында көбінесе Беларусь чемпионатының ойыншылары болған еді. Ол кезде жеңіс біздің хоккейшілерге бұйырып, есеп 5:2 болды. Егер Қазақстан үшін бұл бақылау кездесу алғашқысы болса, қарсыластар Ресей мен Германия командаларымен, одан ілгері Венгрия және Австрия командаларымен матч өткізіп үлгерді.
Қазақстан – Беларусь жолдастық матчын көрермен «QAZSPORT» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Көрсетілім Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:55-те басталады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ