logo
12 сентября 2024
Jas Nomad. Жаттықтырушыларды даярлау бойынша онлайн-курстар аяқталды, практикалық сабақтар 12 қыркүйекте басталады

Қазақстанның хоккей федерациясы мамандарды JAS NOMAD республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасы аясында оқытуды жалғастыруда. 7 қыркүйек күні 2014-2015 ж.т. (9-11 жас) балалармен бастапқы дайындық кезеңінде жұмыс жасайтын жаттықтырушыларға арналған курстардың онлайн-сессиясы аяқталды. Оқытудың теориялық бөлігіне Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан БЖСМ-ларының 53 маманы қатысты.

Курстардың офлайн-сессиясы Астанада «Барыс Арена» мұзайдынында жексенбі, 15 қыркүйек күні басталады. Оған еліміздің барлық хоккей өңірлерінен келетін 40-тан астам бапкер қатысады. Оқыту бағдарламасында практикалық жаттығулармен қатар, теориялық сабақтар да бар. Жаттықтырушыларды оқыту үшін дайындықтың түрлі бағыттары: сырғанау техникасы, хоккей таяғын меңгеру техникасы, жалпы дене дайындығы, арнайы физикалық дайындық, жекпе-жектер бойынша мамандар шақырылды. Жекпе-жектерге оқыту бағдарламасы қауіпсіздікті, жекпе-жектер техникасын, борт маңындағы қақтығыстарды, ептеуді, күштік тартысты қамтиды. Сонымен қатар барлық жаттықтырушылар алғашқы медициналық көмек көрсету курстарынан өтеді.

Бапкерлерді аттестацияға даярлау курстары 20 қыркүйекте аяқталады. Барлық қатысушылар біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы куәлік алады, ал аттестаттаудан өткен бапкерлер аттестаттау туралы куәлік алады.

Jas Nomad бағдарламасымен jasnomad.kz сайтында танысуға болады:

JAS NOMAD – ұйымдастырушылық, жаттығу, бәсекелестік қызметтің барлық аспектілерін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің физикалық, психикалық, эмоционалдық және танымдық қасиеттерін кезең-кезеңімен дамыту қағидаттарын қамтитын хоккейшілерді даярлау жүйесін дамыту және жетілдіру бағдарламасы. Бағдарламада қазіргі заманғы жетекші хоккей державалары мен ИИХФ-ның кәсіби ойыншыларын даярлаудағы тәжірибе мен тәсілдер жинақталып, заманауи жағдайларға және жергілікті менталитетке бейімделген

 

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ