logo
15 ноября 2023
Jas Nomad. Астанада хоккей жаттықтырушыларының біліктілік арттыру курстары өтуде

Астанада 5-тен 7 жасқа дейінгі жастағы балалармен спорттық-сауықтыру кезеңінде жұмыс жасайтын хоккей мектептері жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру курстары және оларды аттестаттау басталды. Курстарға қазақстандық мамандардан басқа, өзбекстандық және қырғызстандық жаттықтырушылар қатысуда. Іс-шара «JAS NOMAD» республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасын енгізу бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жоспар аясында ұйымдастырылды.

Курстар аясында хоккейшілерді даярлаудың физиологиялық-гигиеналық негіздемесі, психологиялық-педагогикалық даярлық, жаттықтырушыларға арналған практикалық нұсқаулық, ойыншыларды тамақтандыру және қалпына келтіру, бағдарламаны іске асырудың тиімділігін ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық бақылау, алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты бағдарламаның бөлімдері кеңінен тарқатылатын болады.

3 және 8 қараша аралығында онлайн-сессия блогы өтеді (32 сағат). Екінші оффлайн-блок 13 қарашада басталып, 19 қарашаға дейін жалғасады. Теориялық сабақтардан бөлек қатысушылар мұздағы және жаттығу залындағы практикамен танысады.

«Мен жаңа бастаған жаттықтырушымын, көмекші болдым және енді өзім жаттықтыруды жөн көрдім. Және бұл – менің алғашқы тәжірибем. Көптеген мәселелерді біліп келдік, мұзда қызықты сәттер болды, ресейлік жаттықтырушылармен жұмыс жасау ұнады. Мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын білу қызықты. Ол, әрине, хоккейден ерекшеленеді, алайда практикада қолдануға болады, пайдалы болары сөзсіз», - деп курстан алған өз әсерімен ПСО хоккей мектебінің (Екібастұз қ.) жаттықтырушысы Наталья Понуждаева бөлісті.

Курс аяқталғаннан кейін спорттық-сауықтыру кезеңінде (5-7 жастағы балалар) жұмыс жасайтын жаттықтырушыларды аттестаттау өткізілді.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша қатысушылар біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы куәлік, аттестаттаудан өткен жаттықтырушылар аттестаттау туралы куәлік алады.

Алдағы уақытта басқа жас санаттарымен жұмыс істейтін мамандар үшін: бастапқы даярлық кезеңінде (7-11 жастағы балалар), оқу-жаттығу кезеңінде (11-15 жастағы балалар) және спорттық-жетілдіру кезеңінде (15-17 жастағы балалар) курстар мен аттестаттау өткізу жоспарланып отыр.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ