logo
5 февраля 2024
Jas Nomad. 53 жаттықтырушы біліктілікті арттыру бойынша онлайн курстан өтті

Бастапқы дайындық кезеңі (7-9 жас) жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру курстарының онлайн сессиясы аяқталды. Оқыту «Jas Nomad» республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасын енгізу аясында өтуде. Келесі кезең 11 және 16 ақпан аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» өтетін оффлайн сессия болмақ. Курс аясында тек теориялық сабақтар ғана емес, мұздағы, залдағы практикалық сабақтар да өтеді.

Курстарға Қазақстан Республикасының барлық хоккей мектептерінің жаттықтырушылары мен мамандары қатысады. Естеріңізге сала кетейік, қараша айының басында спорттық-сауықтыру кезеңінде (5-7 жыл) жұмыс істейтін ҚР барлық хоккей мектептерінің жаттықтырушылары мен мамандары үшін біліктілікті арттыру және аттестаттау курстарының бірінші ағымы өтті.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ