15 және 18 желтоқсан аралығында Мәскеуде «Бірінші арна кубогі» турнирі өтеді. Онда Қазақстан құрамасы Ресеймен және Беларусьпен екі матч өткізеді, сонымен қатар 3х3 турнирінде ойнайды. 11 желтоқсан күні команда «Барыс аренада» жаттығу өткізді, 12 желтоқсан күні Мәскеуге аттанады.
Мәскеуге аттанар алдында команда құрамында өзгерістер болды. Шабуылшы Әлихан Әсетов денсаулық жағдайына байланысты турнирге қатыса алмайды, оның орнына Батырлан Мұратов қатысады. Сонымен қатар командаға Леонид Метальников қосылмайды, турнирге 8 қорғаушы аттанады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ