logo
12 мая 2024
Қазақстан құрамасы құрамына өзгеріс енді

Хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының құрамына өзгеріс енді. Шабуылшы Дмитрий Гренц әлем чемпионатының алғашқы матчы алдында жаттығу кезінде жарақат алды. Медициналық тексеруден кейін ойыншы турнир матчтарына қатыса алмайды деген шешім қабылданды. Дмитрийге тезірек сауығып кетуін тілейміз!

Дмитрий Гренцтің орнына «Номад» шабуылшысы Николай Шульга сапқа қосылады. Форвард үшін бұл әлем чемпионаты ересектер деңгейіндегі алғашқысы болуы мүмкін. Ойыншы құрама үшін 2023 жылдың желтоқсан айында Санкт-Петерборда өткен Бірінші арна кубогінде дебют жасаған болатын. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасы үшін ойнады. Өткен маусымда Pro Hokei Ligasy-нда 61 матч өткізді, оның 14-і плей-оффта. Барлығы 35 (16+19) ұпай жинады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ