logo
28 мая 2021
​Иван Степаненко бір матчтан аластатылды

Халықаралық мұздағы хоккей федерациясының тәуелсіз тәртіптік комитетінің шешімімен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Иван Степаненко бір матчтан аластатылды.

Тәртіптік жаза Германиямен матчтың 6-минутында Лукас Райхельге қатысты болған эпизод үшін тағайындалды. Бейнеқайталаудан кейін №124 – Бас пен мойын тұсына шабуылдау ережесінің бұзылғаны тіркелді. Осылайша ойыншы Қазақстан – Канада матчын өткізіп, Италияға қарсы келесі ойынға қатыса алады.

Толығырақ IIHF.com-нан оқыңыздар.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ