Қазақстанның хоккей федерациясының республикалық конференциясы отырысы өтті
Қазақстанның хоккей федерациясының республикалық конференциясының отырысы болып өтті. Конференцияға ҚХФ басшылығы, хоккей клубтары мен Қазақстанның балалар-жасөспірімдер мектептерінің өкілдері қатысты.
ҚХФ президенті А. Мамин өз сөзінде Федерация тарапынан хоккейді өңірлерде дамыту мен танытуға, сонымен қатар хоккей географиясын кеңейтуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Балалар, жастар және әуесқойлар хоккейі мен кәсіби хоккей белсенді түрде дамып келе жатыр.
Қазақстанда хоккей инфрақұрылымы айтарлықтай жаңғырды. 2008 жылдан бері жабық мұзайдындар саны 8-ден 47-ге өсті, ал хоккеймен айналысушылар саны 5 мыңнан 14,5 мыңға дейін артты, оның ішінде 9 мыңға жуығы балалар.
Кәсіби, жастар, қыздар және әуесқой хоккей лигалары дамуда. Жаңа хоккей клубтарын құру және барын сақтап қалу арқылы қатысушылар саны артып, хоккей географиясы кеңеюде.
Отырыс барысында ҚХФ Атқарушы комитетінің жаңа мүшелері сайланды. Жаңа құрамға хоккей белсенді түрде дамып келе жатқан өңірлер мен хоккей қауымдастығының өкілдері кірді.
Күн тәртібінің ең маңызды мәселесінің бірі 2023-2032 жылдарға арналған балалар-жасөпірімдер хоккейін дамыту стратегиясын таныстыру болды. ҚХФ бас директоры Глеб Каратаев баяндама жасады.
Дамудың негізгі бағыттары – инфрақұрылым, бапкерлердің біліктілігін арттыру, бұқаралық хоккейді дамыту, БЖСМ тәрбиеленушілерінің санын арттыру, жарыс процестерін жетілдіру, әдіскер-бапкерлер санын арттыру, құрама командалар институтын құру, сонымен қатар хоккейшілердің ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін білім алуы таныстырылды.
Стратегия «Salem Hockey» бағдарламасы арқылы, БЖСМ-де айналысатын шәкірттер санын арттыру арқылы бұқаралық хоккейді дамытудан бастап, Федерация қызметінің тұтас спектрін қамтиды және U14-ден бастап, құрама командалар институтын құруға мүмкіндік береді.
Жобаның жол картасына сәйкес, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан 2032 жылға қарай хоккей ареналарының санын 60-қа жеткізу жоспарланып отыр.
Дамыту стратегиясында БЖСМ-де айналысатын балалар санын арттыру, жаңа бапкер мамандардың біліктілігін арттыру және даярлау, төрешілер үшін ҚХФ және ИИХФ оқыту бағдарламаларын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, Стратегияның негізгі мақсаты 2032 жылға дейін қазақстандық хоккейді дамыту мен танытудың кешенді және жан-жақты тәсілдемесін жүзеге асыру болып табылады.
Ерлер құрама командаларының бас менеджері Александр Корешков 2022–2023 жылғы маусымдағы ұлттық құрама командалардың есебін ұсынды.
Жарқын жеңістердің бірі Қазақстан жасөпірімдер құрамасының бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатындағы жеңісі болды, жасөспірімдер араға 11 жыл салып, әлемдік хоккейдің элитасына оралды.
Сондай-ақ Студенттік құрама Қысқы Универсиаданың қола медальдарын жеңіп алды. Жастар құрамасы IA дивизионында екінші орынды иеленді. Ұлттық команда үш рет жеңіске жетіп, әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын нығайтты. Айтып өтетін жайт, турнирде айтарлықтай жасарған құрам өнер көрсетті.
Виктория Сазонова ұсынған қыздар ұлттық командалары бойынша есепте IIB дивизиондағы әлем чемпионатындағы 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасының жеңісі атап өтілді. Бұл ретте негізгі қыздар құрамасы ІВ дивизионынан ІІА-ға түсті. Айтып өтетін жайт, негізгі қыздар құрамасында буындар ауысуда.
2023–2024 жылғы маусымға ұлттық құрама командалардың бас бапкерлері бекітілді.
Ұлттық құрама (ерлер) – Мәмбеталиев Ғ.Б.
20 жасқа дейінгі жастар құрамасы – Старыгин С.В.
18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы - Верещагин Г.Н.
Қыздар ұлттық құрамасы - Тебеньков А.С.
18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы (қыздар) – Федоренко М.М.
Олимпиадалық 3Х3 жасөспірімдер құрамасы – Қайдаров Р.К.
Отырыс нормативтік-құқықтық актілерді бекітумен, ҚХФ Жарғысы мен ішкі құжаттарына өзгеріс енгізумен аяқталды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ