logo
5 ноября 2022
Федерация Кубогінің І турының қорытындысы

Федерация кубогінің жасөспірім командалары арасында шайбалы хоккейден республикалық турнирдің алғашқы туры аяқталды.

4 және 11 қараша аралығында Шымкентте U-14 (2008 ж.т.) санатының командалары арасындағы тур болып өтті. Жарысқа 8 команда қатысты. 7 матчта 7 рет жеңіске жеткен алаң иелері – «Торнадо» турдың көшбасшысы атанды. «Астана» 17 балымен екінші орында келе жатыр, үздіктер үштігін петропавлдық «Құлагер» хоккейшілері тұйықтады.

11 және 15 қазан аралығында Екібастұзда 2011 ж.т. (U-11) жасөспірімдер арасында матчтар өтті, онда турнир кестесіндегі бірінші орынды 9 кездесудің барлығында жеңіске жеткен алаң иелері ПСО-2011-1 иеленді. «Барыс-2012» – екінші орынға, №10-2012 МБЖСМ үшінші орынға табан тіреді. Барлығы он ұжым қатысты.

U-15 жас тобында бірінші турды Екібастұз қабылдады. Бес команда арасынан алаң иелері ПСО 10 ұпайымен бірінші орынды, «Ertis» – екінші, ал «Астана» үшінші орынды иеленді.

2012 ж.т. (U-12) жасөспірімдер арасындағы А тобының матчтары Шымкентте 23 және 26 қазан аралығында өтті. «Динамо» командасы барлық ойында жеңіске жетіп, бірінші турдің жеңімпазы атанды. «Тұран» 15 ұпаймен екінші орында. Олардан 1 балл кем жинаған «Горняк» турнир кестесінде үшінші орынды қанағат қылды.

U-12 (2012 ж.т.) жас санатының Б тобының матчтары Павлодарда өтті. «Молния» клубының хоккейшілері турдың барлық 7 кездесуінде жеңіске жетіп, бірінші орын алды. «Ақтөбе» – екінші, «Бригантина» – үшінші.

2009 ж.т. (U-13) жасөспірімдер 29 қазан мен 4 қараша аралығында Алматыда өткен Федерация кубогінің бірінші турының жарыстарын соңғы болып аяқтады. Оның қорытындысы бойынша бірінші орынды 16 ұпаймен «Молния» ХК хоккейшілері иеленді, «Астана» 15 балмен екінші қатарда. «Құлагер-СКОСШИКОР» да өз қоржынына 15 ұпай салды, алайда жеке кездесулер бойынша «Астанаға» жол берді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ