logo
14 октября 2022
U-15 және U-12 жас санатындағы жасөспірімдер арасындағы «Мықтылар» тобының ҚРЧ І турының қорытындысы

Өскеменде 2010 жылы туған (U-12) жасөспірімдер арасындағы «Мықтылар» тобында ҚР чемпионатының жарысы аяқталды. 7 матчтан кейін турнир кестесінде 20 ұпаймен бірінші орынды «Торпедо» хоккейшілері жеңіп алып, 7 жеңіске жетті, олардың бірін буллиттер бойынша жеңді. «Барыс» 18 ұпаймен екінші орында, мықтылар үштігін 16 ұпаймен қарағандылық «Юность» тұйықтайды.

9-13 қазан аралығында Астанада «Номад» 2007 ж.т. (U-15) жасөспірімдер арасында ҚРЧ I турын өткізді. Алты команда қатысып, тур қорытындысы бойынша бірінші орынды барлық 5 кездесуде жеңіске жеткен «Барыс» иеленді. Қарағандылық «Жастар» екінші орында, ал өскемендік «Торпедо» үшінші орында.

Турдың турнирлік кестесімен толығырақ сайтымыздағы Балалар хоккейі бөлімінде танысуға болады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ