Латвияда өтіп жатқан элиталық дивизиондағы Әлем чемпионатының алғашқы ойын күнін қорытындылаймыз.
А тобында турнирдің бірінші күні-ақ чемпионат қорытындысы бойынша ең жоғары орындардан үмітті Ресей және Чехия құрамалары кездесті. Тартысты ойында соңғы секундтарда жеңісті Брагиннің ойыншылары жұлып әкетті. Жеңіс сыйлаған шайба Михаил Григоренкоға тиесілі.
Германия мен Италия бірігіп, 13 нәтижелі шабуыл жасады. Бұл тартыста немістер бсым түсіп, қарсыласқа соққыны төрт есе көп жаудырды. Жеңімпаздар құрамынан Марсель Нёбельс көзге түсті.
Словакия Беларусьті еш қиындықсыз жеңді. Петер Цегларик пен Кристиан Поспишил қарсыласты екі реттен састырды.
Латвия өз алаңындағы чемпионатты канадалықтарға қарсы құрғақ жеңіспен ашты. Турнир иелері қорғаныста мығым ойнап, қарсылас қақпасының алдында мүмкіндікті жібермеді.
А тобы
Ресей – Чехия 4:3
Беларусь – Словакия 2:5
В тобы
Германия – Италия 9:4
Канада – Латвия 0:2
Фото – IIHF ресми сайты
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ