logo
​Италия – Қазақстан. Ойын күнінің аңдатпасы

Қазақстан құрамасы бүгін 2021 жылғы әлем чемпионатындағы алтыншы матчын өткізеді. Қарсылас – Италия құрамасы.

Кеше Юрий Михайлистің ойыншылары Канададан жеңіліп, жеті ұпаймен В тобындағы турнир кестесінің бесінші қатарына жайғасты. Бір матчқа азырақ ойнаған италиялықтар – өз қоржынына бір де бір балл салмаған жалғыз команда. Турнирде Италия төрт рет жеңіліске ұшырап, соңғысында Финляндиядан жеңілді.

Әлем чемпионаттарында командалар 6 рет кездесіп, жеңісті теңдей бөлісті. Соңғы рет 2018 жылы біздің команда Италияға Будапеште жол беріп, қарсылас топ-дивизионға шығуға мүмкіндік алды. Содан бері төмен түспеген италиялық команда 2019 жылы Австрияны жеңіп, элитадағы орнын сақтап қалды.

Қарсыластың артықшылығы: күн бұрын Италия демалды, ал біздің хоккейшілердің қалыпқа келуіне тәуліктен аз уақыты бар.

«Оңай болмасы анық, - деді баспасөз конференциясында Юрий Михайлис, - жігіттерден кешкі астан кейін мейлінше дереу жатып, ұйықтап, тынығуды өтіндім. Шамамыз келгенше тынығып аламыз».

Біздің команданың плей-оффқа шығуға мүмкіндігі бар. Латвия Норвегиядан жеңілгеннен кейін өз қоржынына бір балл қосып, төртінші қатарға көтерілді. Осылайша Қазақстанды төменге ығыстырды. Бүгін В тобында тағы екі кездесу өтеді: Норвегия АҚШ-пен, ал Германия Финляндиямен ойнайды. Италия – Қазақстан матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 15:15-те басталады. Бұл кездесуді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Фото: Ольга Бугаева

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ