logo
Қазақстан құрамасының ойыншылары ҚХЛ-дың үздік үштігі құрамында

Құрлықтық хоккей лигасы маусымының қорытындысы бойынша өткен марапаттау рәсімінде өткен маусымның үздік ойыншылары аталды. 2021-2022 маусымындағы үздік үштік қатарына «Барыс» хоккейшілері Якоб Лилья, Никита Михайлис және Кертис Волк кірді.

Соңғы екеуі Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары болып табылады және Хельсинкиде өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында ел намысын қорғауда. Никита Михайлис маусым барысында – 46 (19+27) ұпай, ал Кертис Волк 45 (13+32) ұпай жинады.



БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ