24 ноября 2025
Қазақстан құрамасының ойыншылары Азия Чемпионатының үздік ойыншылары қатарында

Хоккейден Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша турнирдің үздік ойыншылары анықталды.
Турнирде Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншысы болып шабуылшы Максим Мусоров танылды. «Торпедо» форварды үш матчта 7 (1+6) ұпай жинап, +3 пайдалық көрсеткішіне ие болды.
Азия чемпионатының үздік қорғаушысы атағын Иван Степаненко иеленді. «Сарыарқа» ойыншысы Кореяға қарсы алғашқы матчта хет-трик жасап, турнирдің ең нәтижелі қорғаушысы атанды — оның еншісінде 3 (3+0) ұпай және +4 пайдалық көрсеткіші бар.
Турнирдің үздік қақпашысы – Роман Калмыков. «Номадтың» голкипері 47 сейв жасады, тойтарылған соққылар пайызы – 90,38.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Корея, Қытай және Жапония командаларына қарсы үш матчта да жеңіп, Азия чемпионатының «алтын» медальдарын жеңіп алды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ