logo
21 апреля 2025
Қазақстан құрамасының ойыншылары ERG компаниясымен бірге хоккейші балаларға арналған шеберлік сағатын өткізді

Өткен демалыста Қазақстан хоккей федерациясы мен ERG компаниясының бірлескен науқаны өтті. Ұлттық құраманың жаттығуына әртүрлі жастағы хоккейші балалар шақырылды. 25 жас хоккейші кәсіпқойлардың қалай жаттығып жатқанын көріп қана қоймай, мұздағы жаттығуларға қосылды. Іс-шараға Евгений Рымарев, Никит Михайлис, Валерий Орехов, Аркадий Шестаков, Самат Данияр, Әлихан Өмірбеков, Артем Лихотников, Дінмұхамед Қайыржан, Руслан Оспанов және басқа да танымал ойыншылар қатысты. Балалар құрама хоккейшілерінен тәлім алды, сырғанау бойынша жеке жаттығулар алып, өздері үлгі тұтатын ойыншылармен шағын матч ойнады.

«Барлығына ұнады деген үміттеміз, - деді Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дінмұхамед Қайыржан, - балалардың дайындық деңгейі әртүрлі, алайда жаңа буынмен тәжірибе бөлісу қашан да қуантады. Біз жақсы уақыт өткіздік, сырғанадық, осыншама қысқа уақыт ішінде жаңа әлденеге үйретуге тырыстық».

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы хоккейден Қазақстан құрамасына бірнеше жыл бойы қолдау көрсетіп келеді: 2023 және 2024 жылдардағы әлем чемпионаттарында команданың бас демеушісі болды, сонымен қатар 2023 жылы ИИХФ Конгресіне 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Қазақстанның өтінім беруіне демеушілік етті.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ