IIА дивизионындағы әйелдер командалары арасындағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш ойыншысы бірден жеке марапаттарға ие болды. Капитан Анастасия Уразбаева турнирде біздің команданың үздік ойыншысы болып танылды. Арина Щеколова – турнирдің үздік қақпашысы, ал Александра Шегай үздік шабуылшы атанды.