logo
12 декабря 2023
Жастар құрамасының ойыншылары ИИХФ-ның адалдық бойынша семинарына қатысты
Будапеште хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты (IA) жалғасуда, онда Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді. Бүгін біздің хоккейшілер Integrity Awareness Raising Week (Адалдық туралы хабардарлықты арттыру апталығы) аясында Халықаралық хоккей федерациясы (ИИХФ) өткізетін әділдік/адалдық семинарына қатысты. ИИХФ заң бөлімінің қызметкерлері хоккейшілерге абьюз, харассмент, спорттағы манипуляциялар (келісілген матчтар), спортшының этикалық мінез-құлқына қатысты ақпарат пен жағдайларды түсіндірді. Талқылауға Қазақстан жастар құрамасының барлық 23 хоккейшісі қатысты. 

IIHF Integrity бағдарламасы (Әділдік/адалдық бағдарламасы) хоккейді және осы спортқа қатысатын барлық адамдарды алаяқтықтың, абьюздің, харассменттің және этикалық бұзушылықтардың кез келген түрінен қорғау мақсатында құрылды. Бағдарлама төрт тармақтан тұрады: допингке қарсы, жарыстарды манипуляциялау (келісімшарттық матчтар), абьюз және харассмент және этика. Барлық түсініктемелер IIHF Integrity Book-те қамтылған.

Бір жылдан астам уақыттан бері Бағдарламаны таныту шаралары енгізілді, мысалы, жаттықтырушылар мен команда менеджерлерінің қатысуынсыз жас ойыншыларға арналған семинарлар, жаттықтырушыларды абьюз бен харассментке қарсы тұруға үйрету, ұлттық қауымдастыққа кіретін әрбір федерацияда Integrity офицерін тағайындау және басқалары. Шаралардың бірі – командалардың киім ауыстыратын бөлмелерінде QR-кодтары бар плакаттарды орналастыру, QR-кодқа өтіп, әрбір ойыншы жоғарыда аталған Integrity Program нормалары бұзылған жағдайда анонимді өтініш қалдыра алады:


ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Қазақстан жастар құрамасы ойыншыларына арналған семинардан фоторепортаж:
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ