logo
17 декабря 2022
Андрей Скабелка: «Турнир барысында өзіміз үшін пайдалы ақпарат алдық»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка Ресейге қарсы өткен ойынды қорытындылады:

- Қорғаныста барлығы қолымыздан келмеді, біз жас болғанына қарамастан, айтарлықтай төселген Ресей құрамасына қарсы ойнадық. Жақсы сәттер де болды, турнир айтарлықтай қызықты әрі біз үшін пайдалы болды. Біз өз қорытындымызды жасаймыз және бұл құрама үшін маусым бойы өтіп жатқан жалғыз турнир. Турнир барысында өзіміз үшін пайдалы ақпарат алдық.

- Сіздерге Диц, Волк, Сведберг, Блэкер жетіспей жатқаны сезіле ме?

- Әрине, сезіледі. Жоққа шығармаймын. Алайда бұл құрамада ойнағысы келетін жігіттер үшін өсетін сәт, біз салмақты қарсыластың жанындағы олардың деңгейін көрдік.

- Осы екі матчтың қорытындысы бойынша қандай жағымды тұстарды байқадыңыз?

- Біз үміткерлерді байқадық, оларға оң баға беріп, көрсеткіштер бойынша жақсы деңгейде екендерін айта аламын. Қуантқаны – осы. Сәл басқаша команда болатыны түсінікті, әлем чемпионаты алдында спаррингтер өткіземіз әлі де.

- Қақтығыстан кейінгі Аркадий Шестаковтың халі қалай?

- Барлығы біз ойлағандай жаман емес, аздаған мойын жарақаты бар. Алдағы Нижнекамскідегі матчқа дейін қалпына келеді деп ойлаймыз.

- 3х3 матчтарынан кейін құрамда Лихотников пайда болды. Қазақстан чемпионатындағы жігіттердің деңгейіне қандай баға бересіз?

- Оларды Ресей құрамасымен салыстыра отырып қарадық, жаман емес дегім келеді.

 

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ