logo
4 декабря 2023
«Бастысы – өзіңе сену». ЖӘЧ-2024 алдындағы Руслан Оспанов пен Всеволод Логвиннің пікірлері

10 желтоқсанда Будапеште хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты басталады, онда Қазақстан құрамасы Франция, Венгрия, Австрия, Дания және Жапония командаларымен элитаға жолдама алу үшін таласады. Біздің жастар командасы Будапешке жетіп үлгерді, онда 5 желтоқсанда Венгрияға қарсы алғашқы бақылау матчын өткізеді.

Құрама ойыншылары Руслан Оспанов пен Всеволод Логвин биылғы маусымды «Барыс» сапында бастады және гол салып, көзге түсіп үлгерді. Турнир алдында хоккейшілер турнирден не күтетіндерін ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында бөлісті.

Всеволод Логвин, хоккейден Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы:

- Бізде жақсы жігіттер жиналды, дәлелдейміз, бірінші орын алып, элитаға шығамыз. Қарсыластарға қатысты, ересектері кетіп, жастары келіп жатады, барлығымен таныс емеспіз. Шығамыз да, өз ойынымызды көрсетеміз. Бірінші рет біз ересек ойыншылар ретінде бара жатырмыз, барлық жерде «лимитшілер». Көреміз, жастарға жол сілтеп, көш бастауға тырысамыз. Біздегі жігіттердің барлығы жақсы, барлығы бастысы өз-өздеріне сеніп, бір-бірі үшін тартыса алады.

Руслан Оспанов, хоккейден Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы:

- Иә, біздің 2004 жылғы ойыншыларда элитаға шығуға соңғы мүмкіндік, жасы кішірек жігіттер келесі жылы элитада ойнайтындай ойын көрсетсек. Қазір біз қарсыластарға аса қатты алаңдамаймыз, бар назарымыз өз ойынымызда. Артық құрамды да, басқасын да одан кейін талдаймыз. Бізге сызып бергенді орындаймыз. Барымызды салсақ, жеңіс біздікі деп ойлаймын.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ