logo
9 ноября 2023
Георгий Верещагин: «Жігіттер барын салды»

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ресейдің 16 жасқа дейінгі командасын жеңді. Командамыздың бас бапкері өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

- Тартысты, жақсы ойын болды. Бізді сүріндірген аластатулар мен кем құраммен шайбалар өткізіп алғанымыз. Артық құрам ұйымдастыру әзірге осалдау, жалпы алғанда командалық жеңіс болды. Бүгін қақпашы сенімді ойнады, оның сенімділігі команданы жігерлендірді. Кешегі матч кешке, бүгінгі матч таңмен басталды. Алайда біз оған қарамаймыз. Қазір ең бастысы, алдағы әлем чемпионаты, оған дайындық. Жігіттердің шаршаңқы күйдегі ойынын да бақылау қызық болды. Әрине, сергектік жетіспеді. Алайда жігіттер барын салды.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ