logo
Георгий Верещагин: «Жігіттер барын салды, еш реніш жоқ»

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Финляндиядан оралды: онда әлем чемпионаты аясында бес матч өткізді. Біздің жасөспірімдер тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет Чехияны жеңді, алайда плей-офф матчының матчтан кейінгі буллиттер сериясында норвегтер басым түсті. Қазақстан құрамасы тағы да бірінші дивизионның А тобына шықты. 18 жасқа дейінгі Қазақстан командасының бас бапкері Георгий Верещагин турнирді қорытындылады.

- Өкінішке орай, біз тапсырманы орындамадық, топ-дивизионда қалғымыз келді, содан үміттендік, топтық кезеңде жаман ойнаған жоқпыз, тіпті чехтерді жеңдік. Норвегтермен ойында жолымыз болмады, екі шайба артта қалып, жеңіліп бара жатқан жерімізден құтқарғанымызбен овертаймда бос қақпаға да салмадық. Алайда буллиттерде норвегтердің шеберлігі артық болды. 11 буллитті бағыттап, өкінішке орай тек екі гол салдық. Ал жігіттер тырысты, барын салды, еш реніш жоқ.

- Сенсация жасай алдық, Чехиямен матчты еске түсірейікші. Жігіттерді қалай дайындадыңыз?

- Турнирге дейін мен жігіттерге өзіміздің аутсайдерлер емес екенімізді, жақсы команда екенімізді айттым. Швейцариямен де 2:0 етіп алға шықтық, тағы бір гол салғанда есепті сақтап қалар ма едік, десе де тәжірибенің аты тәжірибе. Олар бұл дивизионда бұрыннан бері ойнайды, көбірек ойын ойнаған. Швецияға, әрине, тісіміз батпады. Демалыс күні сөйлестік, неге ойнамасқа деп. Жігіттер еркін ұстап өздерін, чехтармен жақсы ойнады. Ал Канаданың аты Канада. Норвегиямен қысылыңқы шықтық. Бұл шешуші матч болды. Буллиттер... Норвегтердің шеберлігі асып түсті.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ