logo
10 апреля 2024
Георгий Верещагин: «Біз жігіттерді тек қатыссақ болды деп дайындамаймыз»

Кеше «Барыс Аренада» топ-дивизионда әлем чемпионатының матчтарына дайындалып жатқан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды. Біздің жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Георгий Верещагин ҚФХ баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданы дайындау және құрамды қалыптастыру туралы айтып берді.

- Үміткерлерді құрамаға іріктеу қалай жүрді?

- Үміткерлерді жыл бойы байқап-қарадық, қазір командада 30 алаң ойыншысы мен 4 қақпашы бар. Көбінесе жігіттер «Барыс» жүйесінен, қарағандылық жігіттер бар. Омбыдан Корней Корнеев, «Сибирьден» Двуреченский бар. Өскеменнен бар, әзірге Глухих бойынша мәселе ашық: қолынан жарақат алып, әзірге дәрігерлер рұқсат бермей отыр. Әзірге жеңіл-желпі сырғанап жүр, ол бойынша әзірге ештеңе дей алмаймын.

- Көбінесе барлығы Қазақстанның Жастар лигасында ойнай ма?

- Иә, ЖХЛ-да ойнайды. Қарағандылық жігіттер «Сарыарқа» үшін ойнап үлгерді. Ал 2007 жылғы жігіттер ресейлік Жасөспірімдер хоккей лигасында ойнайды.

- Біздің топта – Канада, Швеция, Чехия және Швейцария. Топ күрделі ме?

- Топ-дивизионе оңай болуы мүмкін емес.

- Барлығы әлем чемпионатына алғаш бара жатыр ма?

- Иә, бізде тек Роман Большедворский 2005 жылғылармен барып көрді, қалғандары бармаған. Алайда бұл тәжірибе, топ-дивизионда ойнау мүмкіндігі. Біз жігіттерді тек қатыссақ болды деп дайындамаймыз. Әрбір матчта жеңіс үшін ойнаймыз. Тәртіп, еңбекқорлық арқылы.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ