logo
6 ноября 2023
Георгий Верещагин: «Халықаралық матчтар – қашан да төселетін алаң.

Бүгін түнде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Минскіге аттанып, онда 8 және 11 қараша аралығында Спорттық клуб Президенті кубогі турниріне қатысады. Қарсыластар – Ресей U16, Беларусь U18 командасы және Ресей қыздар құрамасы. Біздің жасөспірімдердің бас бапкері біріншілікке дайындық туралы айтып берді:

- Георгий Нодариевич, турнирге дайындық туралы айтып берсеңіз.
- Айрықша дайындық болған жоқ, кеше жиналдық, барлығында чемпионат болып жатыр. Кейбірін қарап-тексеріп ертерек таңдадық, кейбірін былай танимыз. Негізінен 80% – «Барыс» жүйесінің жігіттері. Екіжақты матч өткіздік, іріктеп алдық.
- Сіз жасөспірімдердің бас бапкері ретінде аталмыш турнирге алғаш рет аттанғалы отырсыз. Матчтардан не күтесіз?
- Негізгі міндет – құрамды төселдіру. Бұл көктемгі әлем чемпионатына дайындық. Үміткерлерді қарап, кейбірін танимыз, чемпионатта қалай ойнайтынын көрдік. Бізге олардың құрама құрамында қалай қимылдайтынын көру маңызды. Оның үстіне, турнирде мықты командалар ойнайды.
- Пайдалы ма?
- Әрине. Мықты командалар қатысатын халықаралық матчтар – қашан да төселетін алаң. Оның үстіне, біздің жігіттерде айтарлықтай халықаралық тәжірибе жоқ.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ