logo
25 мая 2025
2026 жылы Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және қыздар құрамалары қатысатын әлем чемпионаттары қайда өтеді

Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және қыздар құрамалары қатысатын әлем чемпионаттарының мерзімі мен өтетін орны Халықаралық хоккей федерациясының жыл сайынғы конгресінде бекітілді.

IA дивизиондағы жастар арасындағы әлем чемпионаты 2026 жылдың 7–13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында өтеді. Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары – Австрия, Норвегия, Словения, Франция және Украина.

IA дивизиондағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 2026 жылдың 18–24 сәуірі аралығында Польшаның Крыница қаласында өтеді. Қарсылас командалар – Швейцария, Украина, Словения, Венгрия және Польша.

IB дивизиондағы қыздар арасындағы әлем чемпионаты 2026 жылдың 12–18 сәуірі аралығында Испанияның Пучсерда қаласында өтеді. Қарсыластар – Нидерланд, Латвия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Испания.

II дивизионының А тобындағы юниор қыздар (U18) арасындағы әлем чемпионаты 2026 жылдың 19–25 қаңтары аралығында Түркия астанасы – Стамбулда өтеді. Қарсылас командалар – Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Жаңа Зеландия және Түркия.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ