logo
21 мая 2023
Ғалым Мәмбеталиев: «Жеңілісті тезірек ұмытып, келесі ойынға дайындалу керек»

Хоккейден әлем чемпионатындағы алтыншы матчында Латвия командасынан жеңілістен соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

- Бірден екі гол өткіздік, концентрацияның, сергектіктің жоқтығынан өткіздік. Барлық эмоцияларды кеше жұмсап қойдық. Жігіттер мұны түсінеді, адам ағзасын алдау мүмкін емес. Латвия құрамасы бізге мықтап дайындалды, олар үшін бұл плей-оффқа өтудің соңғы мүмкіндігі болды. Жігіттер дегенмен тырысты, тәжірибе жетіспеді. Бүгін құлшыныс жетіспеді. Келесі матчқа дайындаламыз, тезірек бұл ойынды ұмыту қажет, байланып қалудың қажеті жоқ, мұны барлығы түсінеді. Жеңіліссіз жеңіс болмайды. Егер бар ойың жеңілістер туралы болса, әрі қарай ойнаудың да қажеті жоқ.

- Эмоционалдық тұрғыдан қуаттану маңызды ма?
- Біз жігіттерге қобалжымаңдар дедік. Иә, қателік көп болды, алайда неден қателесті? Сергектік, концентрация жоқ. Бастысы, тәжірибесі мол жігіттер қателесуде. Жастар көп қате жіберген жоқ. Бүгін бүкіл команда нашар ойнады. Алайда қалыпқа келіп үлгермегендіктен нашар ойнады. Олар робот емес, адами фактор. Мұндай болуы мүмкін екенін болжадық. Оның үстіне, бізге үшінші голды есепке алды. Жеңілісті тезірек ұмытып, келесі ойынға дайындалу керек.

- Трибуна шулы болды, жігіттерді бұл есеңгіретті ме?
- Білмейм, жігіттер ондайға үйренген. Дәл кешегідей қозғалыс болмады. Себеп көп, анда кешікті, мында үлгермеді. Кімнің қозғалысы нашар болса, сол жеңіледі.

- Латвияның үшінші голын төрешілермен ұзақ талқыладыңыздар. Олар сізге не деді?
- Онда мынадай мәселе болды... Қарсыластың ойыншысы күштік амалды ертерек қолданды, оған екі минут айып беруі керек еді негізі. Себебі ол біздің қақпашыны соқты, шайба қақпашымен бірге кірді. Алайда олар мұны басқаша түсіндіріп, голға санады. Қызық. Меніңше, олар көптеген сәттерге көз жұмды. Алаң иелері екені түсінікті. Оның бәріне мән беріп жатқым келмейді. Шынын айтқанда, өзіміз нашар ойнадық. Жақсырақ ойнағанда басқаша болар еді. Жігіттер жиналып, мұндай да болатынын түсінеді. Біз бірінші рет жеңіліп тұрған жоқпыз, барлығы жақсы болады. Словениямен соңғы ойын ең маңыздысы. Бойды тіктеп, жеңу қажет. Қалыпқа келмедік деген сылтау жарамайды. Бір күн үзіліс, физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да қалыпқа келеміз деп ойлаймын.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ