logo
12 мая 2024
Ғалым Мәмбеталиев: «Барлығы қас қағым сәтте шешіледі»

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы екінші матчында Словакиядан жеңілді. Ертең команда ойыннан демалатын күн. Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен ойынға қатыссты пікір білдірді.

- Жігіттер ойнауға тырысты, жақсы сәттер туғызды, сәл-пәл сергектік жетіспеді, голдарды өткізу кезінде концентрация жетіспеді. Ал тартысып-баққандарына ризамын.

- Бірінші кезеңде үш гол өткізіп алды, алайда келесілерде жақсырақ ойнады ма?

- Төртінші гол сүріндірді, есеп 3:1 кезінде оңалтуға болушы еді. Буллит. Онда бәлкім концентрация жетіспеді, ойынның шашыраңқылығы себбеп болды. Одан кейін ойын жүре бастағандай болды, алайда өз мүмкіндіктерін жіберіп алды.

- Бояркин қақпада ойнады, оның ойынына қандай баға бересіз?

- Ойынға жақсы кірді, өткізген жоқ. Алайда кешегі жеңісінен кейін қақпашыны ауыстыру дұрыс болмады. Сондықтан Шутовты қалдырдық, алайда өткізген тек қақпашы емес. Жекелеген қателіктер болды деп есептеймін. Бәлкім біреу қалпына келіп үлгермеді, құрамда бір-екі ойыншы осалдық танытса, осылай болады. Жігіттердің тырысқаны көрінді, біршама сәттер болды.

- Ертеңге қандай жоспар бар?

- Ертең мұзға шығамыз, артық құраммен, кем құраммен ойынды шыңдаймыз, Латвияға дайындаламыз.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ