logo
21 мая 2024
Ғалым Мәмбеталиев: «Барлығы тартысты, бір-бірі үшін тырысты»

Қазақстан құрамасы екі матчтағы жеңістен кейін 6 ұпай жинап, әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалды. Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев әлем чемпионатын қорытындылады:

- Жігіттерді дайындадық, қарсыласты талдадық. Иә, поляктар барлық командалармен матчтарда тіресетін. Бастапқыда шыдай тұруды өтіндік, себебі олар алға жүгіреді, 9000 жанкүйер оларға жел берді. Шыдап-бақтық, кем құраммен өткіздік, алайда дереу гол салдық. Әрі қарай ойын көбіне-көп біздің бақылауымызда өтті. Әрине, олар бізді кем құраммен аймақта тықсырған сәттер де болды. Одан кейін барлығы теңелді, тағы салдық. Бүгін барлығы жарады, барлығы тартысты, тырысты бір-бірі үшін.

- Барлығы Никита Михайлистен гол күтті, өте маңызды голды салды. Және Валерий Орехов жеңіс голын салды.

- Иә, олар да ойынның жүрмей жатқанына қобалжыды. Белгілі бір жайттар болды, Никитаның конькиі сынды, өзінің үйреншікті конькиінсіз ойнады, бұл маңызды. Бүгін желімдеп берді, сөйтіп өз конькиімен шықты да, маңызды голды салды. Валера да жарады, қақпаны алды, одан да гол күттік. Ал Роман Старченко буллитте мықты, өте жақсы ойнады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ