logo
18 мая 2024
Ғалым Мәмбеталиев: «Сергектік болмады және концентрация жоғалды»

Қазақстан құрамасының хоккейшілері Германиядан ойсырай жеңілді. Ойыннан кейін біздің команданың бас бапкері нәтижеге қатысты пікір білдірді:

- Ғалым Баубекұлы, екінші ойын қатарынан мықты қарсыластарға қарсы жүрді, матчтың алғашқы минуттарында екі голды қалай өткізіп алдыңыздар?

- Иә, жинақы болу керектігін, басында өткізіп алмауды ескерттік. Алайда жігіттер тіптен «қалқып» жүрді, ара-арасында ойында болды, арасында жай... Жігіттердің өзі жеткіліксіз болды, қатарынан екі ойында мұндай жылдамдықты өткізуге төтеп бере алмады. Немістер демалыс күнінен кейін ойнады, сергек екендері байқалды. Олар ойынды қалай бастаса, солай жалғастырды. Біз жылдамдықтың аздығынан қателестік. Жылдамырақ бастап, артқа жылдамырақ қайту үшін концентрация жылдам болуы тиіс. Қателіктер болды, оларға ілесе алмадық.

- Қорғаныста қателік көп болды ма?

- Біз оларды өзіміз ертіп келдік, қателік неден болады? Адам шаршаңқы кезде пастарды дәл бермейді, баяуырақ ойнайды.

- Десе де, сәттер болды ма?

- Сәттерсіз болмайды, матч бойы ойнау керек. Ал кей сәттерде сергектік болмады және концентрация, жылдамдық жоғалды. Іштерінен қалайды, отырғышта қамшылайды өздерін. Алайда ғажайып болмайды, екі ойын қатарынан мұндай қарсыластарға ілесіп жүгіру қиын. Қимылдау керек.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ