Ғалым Мәмбеталиев: «Жігіттер барлығын жақсы түсінді, сыйлық ретінде жеңісті тарту еткісі келді»

Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогі аясындағы «Звезды и ВХЛ» командасына қарсы матчта жеңіске жетті. Ойыннан кейін өткен баспасөз конференциясында бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиев журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- Ойын бастапқыда сылбыр болды, кейін қарсылас қозғалысты жылдамдатты, біз мұны назарға алдық. Қан жүгіре бастады. Өз голдарымызды салып, жеңдік.
- Кирилл Панюков алаңнан екінші кезеңде кетті, ойыншыға не болды және ертең ойнай ма?
- Ертең ол ойнамайтын шығар, арқасын ауыртып алды, оңай нәрсе емес. Басқа біреу ойнағаны жөн.
- Бүгін Қазақстанда мереке – Тәуелсіздік күні, бұл да қосымша жігерді жаныды ма?
- Әрине, бұл – біз үшін айшықты мереке, жігіттер барлығын жақсы түсінді, сыйлық ретінде жеңісті тарту еткісі келді.
- Есеп 1:1 болды, қай сәт шешуші болды?
- Тез ширадық, жылдамырақ қозғалып, шайбаны жылдам жылжыта бастадық. Бұған дейін айтқанымдай, басы нашар болды, қарсылас команда қозғалысты қосып, бізді де жылдамдатты. Нәтижесінде голдар салынды.
- Ертең «Ресей 25» командасына қарсы ойнайсыздар, қалай дайындалып жатсыздар?
- Әдеттегідей қарсыласқа қараймыз, олардың мықты тұстарын талдап, ойынға дайындаламыз.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ