Беларусьпен матчта Қазақстан құрамасының хоккейшілері 1:4 есебімен жеңіліп келе жатқан жерінен мінез танытты: есеп теңестіріп, ойынды овертаймға айналдырды. Алайда нәтижесінде есе жіберді. Күні ертең турнир Ресей – Беларусь матчымен аяқталады, ал Қазақстан құрамасы 5 мамыр күні Чехия аттанып, члем чемпионатына дайындықты жалғастырады. Ойыннан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев өткен ойынға қатысты пікір білдірді.
- Басы дұрыс болмады, голдарды өзімізге тілеп алдық. Жігіттерді байқап-тексергіміз келді, алайда бәрін тексере алмадық. Өткізіп алғанымыз рас, алайда кейін ойыншылар жинақталып, есеп теңестірді. Тек овертаймда сәл жетпей қалдық. Шабуылды өткізіп алдық. Ойын ұнады. Егер осы бетімізден таймасақ, барлығы жақсы болады. Жігіттер хоккейді жан рақаттары үшін ойнап, гол сала бастады.
- Өткен жылмен салыстырғанда бұл командалармен ойнап үлгердіңіздер. Қазір әлдеқайда жақсымыз. Жас буын тәжірибе мен батылдық жинақтады ма?
- Әрине. Әлдекім ҚХЛ-да ойнады, төселді, әлдекім жастар хоккейінен келіп, ересектер хоккейіне аяқ басты.
- 1:4-тен есе қайтарып тұрып, овертаймда жеңілу ауыр болмады ма?
- Ештеңе етейді. Бастысы – әлем чемпионаты. Онда жеңуге тырысу керек.
- Ресей және Беларусьпен матчтарды қалай бағалайсыз? Жеңіліске қарамастан, команданың ілгерілеуі жаман емес.
- Жақсы спарринг-серіктестер, жылдам және төселген командалар. Өзімізден төмендерден гөрі үздіктермен ойнаған жақсы. Кейін мықты командалардың алдында босаңсымайды.
- Ойынға негізгі құрам ұсынылды ма?
- Жоқ, бізде әлі «Металлургте» ойнаған үш ойыншы бар. Қазір олар жаттығуда, кейінірек қосылады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ