logo
15 мая 2023
Ғалым Мәмбеталиев: «Ешкімге өкпе жоқ»

Қазақстан құрамасы жеңіліске ұшыраған Чехиямен матчтан кейін бас бапкер Ғалым Мәмбеталиев ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен ойын туралы айтып берді.

- Жігіттер тырысты, кем құраммен үш гол өткізіп алды. Аластатулар бізді сүріндірді, кей тұста эмоцияға бой алдырдық, қажетсіз аластатулар салдарынан шайбаларды өткізіп алдық. Жігіттер барын салды, есеп теңестіре де алатын еді. Егер теңестіргенде матч басқалай аяқталар ма еді. Жігіттер барын салды, ешкімге өкпе жоқ. Олар өсіп жатыр.

- Төртінші звено жақсы комбинация құрды, олардың табысты ойынының сыры неде?

- Олар пас беріп ойнайды, шайбаны бақылауда ұстап, бір-біріне икемделіп ашылады. Көпшілігі шайба тастап, соны дереу салуды насихаттайды... Ал біз сәл басқа хоккейді ойнаймыз. Көбіне-көп кеңестік стиль. Барлық стильдерді – канадалық, кеңестік стильді пайдалану бірігіп, нәтиже береді. Шайбаны көбірек игергенде қарсыласты қателесуге итермелейсің. Сондықтан нәтижесін береді, азырақ жүгіресің. Жігіттер есейіп, төселіп, тәжірибе жинауы үшін жалғастыра береміз.

- Жанкүйерлер тәжірибелі ойыншылар – Старченко, Рымарева көбірек үміттене ме?

- Олар бүгін жақсы ойнады, ұтымды сәттер ұйымдастырды. Олар әлі өздерін көрсетеді, қазір екпін алуда, жарап тұр. Ешкімге өкпе жоқ.

- Ертең демалыс күні, немен айналыспақшысыздар?

- Ертең бізде жоспар бойынша жаттығу, дайындаламыз, ойындарды талдаймыз, келесі қарсыласқа дайындаламыз.

- Швейцария туралы не дейсіз? Ол да мықты қарсыластардың бірі ме?

- Ойындарын қараймыз, қалай жауап бере алатынымызды қарастырамыз. Талдаймыз, дайындаламыз.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ