logo
14 апреля 2023
Ғалым Мәмбеталиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Қазақстанның хоккей федерациясының атқарушы комитетінің отырысы болып, онда Қазақстан құрамасының бапкерлер штабын тағайындау туралы шешім қабылданды. Осылайша, Кореямен алдағы жолдастық матчтарды, Ресей, Беларусь қатысатын турнирді және 2023 жылғы әлем чемпионатын ұлттық команда келесі мамандардың жетекшілігімен өткізеді:

Бас бапкер – Ғалым Мәмбеталиев

Бапкер – Александр Высоцкий

Бапкер – Ерлан Сағымбаев

Қақпашылар бапкері – Александр Шимин

Бапкер – Александр Березенский

Бас менеджер – Глеб Каратаев

Еске сала кетейік, Ғалым Баубекұлы Қазақстан құрамасына 2017 жылғы әлем чемпионатында (1А) жетекшілік етті. Сонымен қатар өткен Универсиадада еліміздің студенттер құрамасымен бірге «қола» медальдарды жеңіп алды. Өткен маусымда Pro Hokei Ligasy чемпионы атанған елордалық «Номадтың» бас бапкері.

 

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ