logo
11 мая 2024
Ғалым Мәмбетәлиев: «Мұзда біртұтас команда ойнады»

Хоккейден әлем чемпионатының алғашқы матчы 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Командамыздың бас бапкері өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

- Ойынға дайындалдық, қарсыласты әдеттегідей талдадық. Жігіттер әдеттегідей өздерін дайындады. Барын салды, мұзда біртұтас команда ойнады, бабы келісіп, жеңіске жетті.
- Команда артық құраммен және кем құраммен салды, құрам тең түспейтін ойындарды қалай бағалайсыз?
- Артық құрамды екі бригада жасадық, олар жақсы ойнайды, кем құрамда жеңгеніміз жақсы болды. Бұл Кирилл Савицкийдің таза еңбегі, керек голды салып, жарады.
- Екі ойыншы дебют жасады – Бойко и Бреус, олардың ойынын қалай бағалайсыз?
- Жаман ойнаған жоқ, ұсақ-түйектер бар, бірақ барлығы қателеседі. Ал жалпы алғанда, жақсы ойнады.
- Ертең де таңғы матчтар, бұл әсер ете ме?
- Барлығына бірдей жағдай жасалуда. Біздің уақытымызбен бұл сағат үш, жігіттер сағат белдеуіне бейімделіп үлгерді. Күндізгі сағат 12 – бұл уақытта бізде жаттығу процесі жүреді, сондықтан барлығы жақсы.
- Командада «Барыстан» ойыншылар көп, бұл артықшылық па?
- Олар әбден төселген, әсіресе, бұрыннан ойнайтындар. Қалғандары сіңісіп, ойнап жатыр. Тіпті басқа командаларда ойнайтындарды да – олардың мықты және осал тұстарын да жақсы білеміз. Сондықтан ретімен пайдаланамыз.
- Словактармен ойыннан не күтесіз?
- Тартыс, тағы да тартыс. Жеңу үшін ойнаймыз.
- Словакиямен ойын тәжірибесі көмектесе ме?
- Ол матч өткеннің еншісінде деп ойлаймын, жігіттер бір жыл ішінде өсті, біреу ҚХЛ-да, біреуі басқа командаларда ойнады. Шеберліктің өсімі жағынан тәжірибелері көбірек деп ойлаймын.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ