logo
18 мая 2023
Ғалым Мәмбеталиев: «Жігіттер емін-еркін, жақсы екпінмен ойнайды»

Қазақстан құрамасы хоккей әлем чемпионатындағы төртінші матчын Канада құрамасына қарсы өткізді (1:5). Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев өткен ойынға қатысты пікір білдірді.

- Басында сүріндік. Одан кейін не істеу керектігін түсіндірдік. Дұрысырақ ойнай бастадық. Өзіміз ойынды сезіндік. Сәттер ұйымдастырып, бір-екі гол салуымызға болатын еді. Ең бастысы, жігіттер өз ойын өрнегін таба бастады, бастысы осындай деңгейде ойнай алатындарына сену. Олар бұл деңгейге енді шықты. Қуанатынымыз, жігіттер мұндай хоккейді ойнай алатындарына сене бастады.

- Қорғаушылар жаман ойнаған жоқ. Мади Диханбек Джо Веленоны жақсы күтіп алды.

- Ол жақсы сырғанайды, физикалық тұрғыдан әлі төселеді. Мади Диханбек те, Данилу Бутенко да – жақсы, техникасы мықты ойыншылар. Бастысы – ойы бар. Жаман ойнамайды, физикалық тұрғыдан төселсе, бәрі жақсы болады.

- Бірінші кезеңнің бұлай басталуын қалай түсіндіресіз? Ойынға қойып кету қиын болды ма?

- Оған дейін талдадық та, көрсеттік те. Ойынның басында концентрацияны жоғалттық, қажетсіз үш гол өткізіп алдық. Үшінші кезеңнің басында өткізіп алдық. Бірден ойнап кету керек. Әзірге ойын басында жинақылық жетіспей тұр. Ал былай, жарады, емін-еркін, жақсы екпінмен ойнады. Біз сұраған қағидаларды орындай бастады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ