logo
23 мая 2023
Ғалым Мәмбеталиев: «Бастысы, біздің мықты жастарымыз бар»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ойынын қорытындылады.

- Кеше Словакия Словенияны мерзімінен бұрын бірінші дивизионға жіберді. Команда топтағы соңғы матчқа жігерленіп шығуы үшін қажетті сөздерді таба алдыңыз ба?

- Иә, жиналдық, сөйлестік. Әрбіріміз Словения бірінші дивизионға ұшып кеткеніне қарамастан, соңғы матчта барын салатынын түсіндік. Босаңсып бастап, кейін жиналдық. Соңында қарсыласты тықсырып, есеп теңестірдік және алға шықтық. Бір күн бұрын словениялықтар Словакияға қарсы қиын ойынды өткерді. Олардың шаршағаны байқалды. Оның үстіне, командаларындағы ойыншылардың жасы үлкен. Бізде жастар көп. Оларға әрдайым: «Сендердің уақыттарың келді, бойдағы жігерді, жылдамдықты, құлшыныстарың мен ұмтылыстарыңды көрсетіңдер» деймін. Бізде тәжірибе мен жастық жақсы үйлесім тапты. Егер бірінші звено сала алмаса, басқалары салып жатты. Бұл өте жақсы.

- Батырлан Мұратов қарсыласты жақсы ығыстырды.

- Мен оны біздегі техникасы ең мықты хоккейшілердің бірі деп санаймын. Әрі қарай даму үшін жұмыс жасау қажет. Мұндай қасиет барлығында жоқ. Дриблингі жақсы, алаңды жақсы көреді. Әрі қарай өсу қажет.

- Және Максим Мухаметов соңғы голды салды.

- Биыл Максим Мухаметов хоккейші ретінде өсті. Бұрын ол мүлдем басқа болатын. Ойластырылмаған қимылдар көп болатын. Қазір ересек хоккей ойнай бастады. Жігіттердің өскенін көргенде, өзім қуанамын. Олармен сәл-пәл жұмыс жасаса, барлығы жақсы болады.

- Жалпы алғанда, қандай қорытынды жасай аласыз?

- Әрбір жеңілістен кейін қорытынды жасадық. Бірінші матчты жеңіп, екінші және үшіншіде жеңілдік. Жігіттердің құлшынысының зор екені байқалды. Оларды тек бағыттап, сергітіп отыру қажет болды. Словакиямен матчта жақсы ойын көрсеттік. Бір-бірі үшін барын салып, шайбаны қағып алып, тартысатын команда екені көрініп тұрды. Тамаша.

Соңғы ойынның алдында топ-дивизионда қалатынымыз белгілі болды. Словениялықтар алға шыққан кезде біздің жігіттер босаңсып қалды. Оларды сәл-пәл жинауға тура келеді. Ойын бойы жылдамдық қосу керек, сол кезде ғана гол саласыңдар дедік. Жігіттердің көпшілігі мұндай деңгейде ешқашан ойнамаған.

- Сіз орындықта өзіңізді айтарлықтай байсалды ұстайсыз. Мұндай байсалдылық есе қайтаруды қажет ететін қызу шақтарда командаға қаншалықты ықпал етеді?

- Ол үшін киім ауыстыратын бөлме бар. Алаңның қасында шу шығарып қажеті қанша? Көптеген бапкерлер айқайға басады, ал бұл хоккейшілерге әсер етеді. Мен өзім хоккей ойнағаннан кейін оның қалай болатынын білемін. Саған айқайлағаннан кейін сен әрі қарай дұрыстап ойнай алмайсың. Оның үстіне, сен ойнап жүрген хоккейші болса, әрі қарай ойын жүрмей қалады. Дұрыстап бағыттау керек, кейде сергітіп, кейде қателіктерін айтып, қалай жақсырақ ойнау керектігін айтып, қай жерде үзіліс жасап, оңтайлы сәтті күту керектігін айту қажет.

Мұның барлығы кейін жақсы нәтижеге әкеледі. Ойыншылар сені тыңдап, сұрағаныңды орындай бастайды. Жас жігіттер бұл мектепті әлі өткен жоқ қой, олар енді-енді қадам жасап бастады. Және бұрын құрамада мүлдем ойнамағандар да қазір жақсы хоккей көрсетуде. Егер оларға функционалды дайындық пен ойын практикасын берсе, олар жақсы деңгейде ойнайтын болады. Бастысы, біздің мықты жастарымыз бар.

- Сіз бапкер ретінде осы әлем чемпионатында өзіңіз үшін қандай да бір жаңа дүние ілдіңіз бе? Бұл қаншалықты әрі қарай өсуге ынталандырады?

- Мұндай алыптармен ойнау жақсы тәжірибе. Мұнда барлығы жылдам жүреді. Осымен жұмыстану қажет. Жалпы барлық жағынан жұмыс жасау керек.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ