logo
8 мая 2024
Ғалым Мәмбеталиев: «Әлі де жетілдіретін тұстарымыз бар»

Әлем чемпионаты басталардан бұрын Қазақстан құрамасы Прагада Ұлыбритания командасына қарсы жолдастық матч өткізді. Біздің хоккейшілер 5:2 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев өткен ойынға қатысты пікір білдірді.

- Ғалым Баубекұлы, құрама бірінші кезеңде бірінші болып өткізіп алды, алайда жылдам жинақталып жеңіске жетті. Матч туралы айтып берсеңіз.

- Түзетулер енгіздік, жігіттер өз хоккейімізді ойнай бастады. Ойын жүріп, өз голдарын салды. Әлі де жетілдіретін тұстарымыз бар, тырысамыз.

- Никита Михайлис құрамаға соңынан қосылғанына қарамастан хет-трик жасады. Жалпы, «Мталлург» ойыншыларына қандай баға бересіз?

- Олар бабында, жаттықты, жақсы жұмыс істеді. Олар мұнда «қозғаушы күш» болады деп ойлаймын.

- Қарсылас ретінде Ұлыбритания командасы туралы не айтасыз?

- Онда канадалықтар көп, сәл «ластау» ойнайды. Қайтеміз, кез келген ойынға дайынбыз.

- 25 адам қазір түбегейлі өтінімге енді, ойыншылардың қозғалысы, жағдайы қалай?

- Әлі де шираймыз деп санаймын. Көрініс бар, командамыз жақсы, жігіттер мұнда не үшін келгенімізді жақсы түсінеді, сондықтан тырысып-бағамыз.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ