logo
17 мая 2024
Ғалым Мәмбеталиев: «Соңына дейін тартыстық»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалім Мәмбетәлиев Швецияға қарсы ойынды қорытындылады (1:3):

- Еркін ойнауды, қорғаныста мығым болуды сұрадық, шведтер жақсы қимылдады, олар ашылып үлгеруі үшін жылдам жиналдық. Жалпы алғанда, қойылған ойын өрнегін орындадық, көбіне-көп қателестік, өткізіп алдық, сосын тағы бір сәтте қорғаушы қателесті. Өкінішті, әрине, алайда жігіттер жақсы тәжірибе жинады, әлі де төселетін жігіттер бар, ойын, гол салу жағынан барлығы төселе алады.

- Қарсыластың құрамы мықты. Не айтасыз?

- Бастысы, жігіттердің еңсесі түспеді, ойнады, соңына дейін тартысты, олар мұның ҰХЛ-да ойнайтын хоккейшілермен ойнап, өздерін көрсетуге тамаша мүмкіндік екенін түсінеді. Әлем чемпионатында кімнің қайда ойнайтынына қарамайды, әркім өз елі үшін ойнайды, өз туының намысын қорғайды. Сондықтан жігіттер барын салды, әрбір ойын сайын жылдамдық қосуды, қателерді жоюды сұрадық. Потенциал бар. Екінші ойын қатарынан қиын болады, көреміз, қалай қалыпқа келеміз, қалай баптаймыз.

ФОТО: Ольга Бугаева

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ