logo
19 марта 2022
Франция әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасы ойнайтын топта РОК орнына шығады

Халықаралық хоккей федерациясы Қазақстан құрамасы қатысатын хоккейден әлем чемпионаты бағдарламасындағы өзгерістерді растады. Осылайша А тобындағы топ-дивизионда Хельсинкиде РОК командасының орнына Франция құрамасы ойнайды, В тобында Австрия Беларусьті алмастырады. Бұрынғыша соңғы орындарды иеленген қос команда IA дивизионына түседі.

Осылайша, әлем чемпионатының А тобында Қазақстан құрамасы Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Италия және Франция командаларымен ойнайды.

U-18 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының топ-дивизионында енді 8 команда ойнайды және турнир аяқталысымен олардың бірде-бірі төменге түспейді. Сәуірде қазақстандық жасөспірімдер өнер көрсететін бірінші дивизионның А тобынан келесі жылы мәлімделген алты ұжымның бірден екеуі көтеріле алады. Әлемдік біріншіліктің басқа топтарында да, сонымен қатар әйелдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында да өзгерістер орын алды.

Толығырақ IIHF.com сайтынан оқыңыздар.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ