logo
10 ноября 2023
Евгений Рымарев «Барысқа» өтті

Елордалық «Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Евгений Рымаревпен келісімшарт жасасты. Келісім биылғы маусымның соңына дейін жасалған, форвард ханты-мансийскілік «Юградан» (ЖХЛ) ауысты. Соңғы рет елордалық клуб құрамында ол 2016-2017 жылғы маусымда өнер көрсеткен. Ол Құрлықтық хоккей лигасында барлығы 207 матч өткізіп, 44 (17+27) балл жинады. Құраманың тәжірибелі ойыншыларының бірі элиталық дивизионда алты әлем чемпионатын өткізді. Ригадағы соңғы біріншілікте ұлттық команданың үздік бомбардирі атанып, топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 6 ұпай (2+4) жинады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ