logo
9 ноября 2022
Евгений Рымарев – ЖХЛ-дағы аптаның үздік шабуылшысы

2022/23 жылғы маусымдағы «PARI ЖХЛ — Жібек жолы кубогі» үздік хоккейшілерін анықтау жөніндегі комиссия статистикалық нәтижелер мен арнайы сарапшылардың талдауы негізінде тоғызыншы ойын аптасының «үздік қақпашы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы» және «үздік жаңа ойыншы» аталымдарындағы лауреаттарын анықтады.

Үздік шабуылшы ретінде Қазақстан құрамасының ойыншысы, АКМ форварды Евгений Рымарев (1988) танылды. Ол өткен аптаның төрт матчына қатысып, «+3» пайдалылық көрсеткішімен нәтижелілігі үшін 6 (2+4) ұпай жинады. Евгений салған голдардың бірі командаға жеңіс әкелді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ