logo
29 мая 2021
Евгений Рымарев: «Бүкіл команда жақсы ойнады»

Италиямен матчта Қазақстан құрамасының хоккейшілері 11 шайба салды. Ең маңыздылары екінші кезеңде салынды. Егор Петуховтың голынан кейін ыңғайсыз бұрыштан әдемі соққыны Евгений Рымарев жасады. Бұл – форвардтың турнирдегі алғашқы голы. Матчтан кейін ойыншы норвегиялықтармен кездесуге қалай дайындалып жатқанымен бөлісті.

- Шабуыл ұзаққа созылды, онда сәл-пәл айналып, шайбаны ұстай тұрып, қорғаушыны орнынан шығардық та, Александр Шин маған жіберді, салған шайбам дөп түсті.

- Ыңғайсыз бұрыштан салдыңыз, бұл қалай болды?

- Голкипер тізерлеп отырды, қарап, шешім қабылдауға уақыт жеткілікті болды. Қақпашы отырды, шайба өтетін орын қалды, мен соққыны сонда бағыттадым.

- Алда бір ойын бар, онда жеңсеңіздер, плей-оффқа шығасыздар, қандай сезімдесіздер?

- Бәрі тамаша, көңіл күй жақсы, жеңген кезде екі есе қуанасың. Плей-оффқа шығу үшін өз ойынымызды көрсетуіміз керек.

- Бұл элиталы дивизиондағы Қазақстан құрамасы тарихындағы ең ірі жеңіс, қандай сезімдесіз?

- Тамаша сезімде. Бүкіл команда жақсы ойнады, осыншама шайба салғанда көңіл күй нашар болуы мүмкін емес. Бәрі керемет, алайда келесі ойынға дайындалу керек.

- Дегенмен, басы қатты болды, бірінші кезеңде үш рет аластатылды, бұған не себеп?

- Кеше ғана ойнағаннан кейін жігіттерге ауырлау болған болу керек. Бастапқы екі кезеңге қарасаң, мұндай есеп болады деп мүлдем ойламайсың. Алайда бәрі біздің пайдамызға шешілді, бұған бәріміз қуаныштымыз.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ