logo
6 мая 2023
Евгений Корешков: «Өз шәкірттерімізге баса мән беріледі, бұл тамаша»

1XBET Qazaqstan Hockey Open турниріне келіп жеткен Ресей құрамасының бапкерлер штабында қазақстандық хоккейші және бапкер – Евгений Корешков жұмыс жасайды. Біздің елдің құрамасымен маман соңғы рет 2017 жылғы әлем чемпионатына Эдуард Занковецтің көмекшісі ретінде аттанған болатын. Сол уақыттан бері көп нәрсе өзгерді.

Турнирдің бірінші ойынында Қазақстан құрамасы Ресейден 0:3 есебімен жеңілді. Беларусь – Ресей матчынан кейін (7:4) Евгений Геннадьевич Қазақстан құрамасының құрамы, сондай-ақ өткен матчтар туралы пікірімен бөлісті.

- Евгений Геннадьевич, турнирде екі матч өткіздіңіз, қорытындылайсыз ба?

- Матчтар қызықты, барлық командалар әртүрлі физикалық қалыпта, Қазақстан құрамасы бабында шығар, себебі әлем чемпионатына дайындалуда. Олар үшін бұл үлкен стимул, жақсы спарринг-командалар. Кеше Қазақстанмен өте жақсы матч өткіздік, көп күш жұмсадық, шайбаны жақсы игердік, барлығы айтарлықтай жылдам сырғанады, сондықтан біздің жігіттер кеше сәл-пәл шаршады. Бүгін бұл турнеде біз төртінші матч өткіздік, сәл болмай қалды, әрі қарай жұмыс жасаймыз.

- Құрамның өзгергенін байқаған боларсыз, буындар сабақтастығы туралы не айтасыз? Көпшілігі Қазақстан құрамасының жейдесін алғаш рет киді.

- Бұл қорқатын жағдай емес, күндердің күнінде осылай болуы керек еді. Өз шәкірттерімізге баса мән беріледі, бұл тамаша. Бәрі бірден оңалмайтын шығар, бірақ сену қажет. Осы жобаға сенім білдірсек, екі-үш жылдан кейін бұл ойыншылар әлдеқайда мықты болып, жалпы Қазақстан құрамасы нығая түседі.

- Ойыншылардан көзіңізге түскені бар ма?

- Жігіттердің барлығы тырысты, команда жас және оларды ұзақ хоккей жолы күтіп тұр. Сондықтан жігіттердің барлығы еңбек етті, ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Жақсы команда.

- Егер екі матчты салыстырса, олардың түбегейлі айырмашылығы неде?

- Кеше Қазақстан құрамасы өз алаңында, көрермендерінің қолдауымен ойнады. Матч ауыр болды, алайда үйтіп-бүйтіп жеңді. Шайба салудың да жағдайы сондай.

- Қазақстанмен матчтың бірінші кезеңінде гол салынбады, мұны немен байланыстырасыз?

- Біріншіден, Қазақстан командасы қорғаныста да мықты ойнады және қақпашы өте жақсы қорғады. Қазіргі хоккей деңгейі айтарлықтай жақсы. Мұнда шығып, оп-оңай сырғанап шығу қиын. Біздің хоккейде ондай жоқ. Қазақстан – лайықты қарсылас, жеңіс оңайлықпен келмеді.

- Әлем чемпионаты 12 мамыр басталады, Қазақстан құрамасы үшін орынды сақтап қалу қаншалықты мүмкін?

- Мүмкіндік әрдайым бар, тек оған сену керек. Турнир бір матчтан тұрмайды, әрбір кездесуде соңына дейін ойнап, өз күшіңе сенуің қажет.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ