logo
6 февраля 2023
Eurasia Jastar Cup. Қазақстан құрамасы 3х3 турнирі аясында екінші орын алды

«PARIMATCH Eurasia Jastar Cup» аясындағы 3х3 турнирінің бірінші ойынында Ресей қыздар құрамасы мен Қазақстанның жасөспірімдер командасы кездесті. Жеңісті 3:0 есебімен алаң иелері иеленді.

3х3. Қазақстан U-18 – Ресей қызд. 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)

1:0 - 11:34 – Кошевник (Шипилин)

2:0 - 17:50 – Алибек

3:0 – 20:12 – Кажибеков

Қақпашылар: Никитин – Тараканова

Екінші ойында Ресей U-16 және Беларусь U-18 командалары кездесті. 3:1 есебімен ресейлік жасөспірімдер жеңді

3х3. Ресей U-16 – Беларусь U-18 - 3:1 (1:1, 2:0, 0:0)

1:0 - 01:12 – Ризванов

2:0 - 06:34 - Литвинов ШБ

2:1 - 08:15 – Ахмадуллин (Бондарь)

3:1 - 10:48 – Ахмадуллин

Қақпашылар: Левченко – Лядник

Үшінші орынды анықтайтын матчта Беларусь жасөспірімдер құрамасы мен Ресей қыздар құрамасы кездесті. Қыздар ойынның бірінші кезеңінде гол салды, жасөспірімдерде есепті теңестіруге мүмкіндік болды. Алайда белгіленген буллит салынбады. Нәтижесінде, минималды есеппен 3х3 турнирінің үшінші орнын Ресей қыздар құрамасы иеленді.

1:0 - 03:19 – Фаляхова (Нестерова)

Ресей Қ. – Беларусь U-18 – 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)

Қақпашылар: Фахрутдинова - Лядник

Турнир финалында Қазақстан құрамасы U-18 мен Ресей құрамасы U-16 кездесті. Қазақстандық жасөспірімдерді ереже бұзу сүріндірді, олар үшін 3х3 форматты матчтарда буллит белгіленеді. Белгіленген төрт айып соққысының екеуін ресейлік хоккейшілер сала алды. Осылайша, 3х3 турнирінің жеңімпазы 16 жасқа дейінгі Ресей құрамасы болды.

Қазақстан U-18 – Ресей U-16 – 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)

0:1 – 02:11 – Потапов ШБ

0:2 - 10:39 – Потапов ШБ

Қақпашылар: Истомин (Никитин, 14:00-21:00) – Прохоров

Матч нәтижелері, статистика, фото және көрсетілімдер турнирдің ресми сайтында PARIMATCH Eurasia Jastar Cup сілтемесі бойынша қолжетімді.

 


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ