Eurasia Jastar Cup Kazakhstan 2026. Қазақстан жасөспірімдер командасының ОЖЖ басталды

Астанада бүгін Eurasia Jastar Cup Kazakhstan турниріне дайындық аясында Қазақстанның жасөспірімдер ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындары басталды. Кеңейтілген құрамда 44 хоккейші бар: 40 алаң ойыншысы және 4 қақпашы. Қорытынды құрам 1 ақпанда белгілі болады. Халықаралық турнир аясында біздің жасөспірімдер Беларусьтің U18 құрамасымен, Ресейдің U16 құрамасымен, сондай-ақ Ресейдің әйелдер ұлттық құрамасымен ойнайды. Матчтар 2–5 ақпан аралығында «Барыс Арена» спорт кешенінің Б блогында өтеді. Кіру тегін.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ