logo
23 мая 2021
​Екінші жеңіс! Қазақстан құрамасы Финляндияны буллиттер бойынша жеңді

Финляндиямен матчқа Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы дәл кешегі құрамды шығарды.

Финляндиямен матчқа Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы дәл кешегі құрамды шығарды. Бұл жолы Никита Бояркиннің жұмысы көбейді, соңғы чемпионаттың жеңімпаздары бірінші нөмірде ойнады және бірінші кезеңде қақпаға 15 соққы бағыттады. Джесси Блэкер алаңнан аластатылғаннан кейін қарсылас көпшілік құраммен бірнеше сәт ұйымдастырды, алайда біздің аз құрам төтеп берді. Біздің хоккейшілер қарсыластың аймағына өте алғанымен, нәтижелі соққылар жасау қиынға соқты. Екінші кезеңде Юрий Михайлистің ойыншылары көбірек шауылға көшті, алайда 34-ші минутта финдар қарсы шабуыл ұйымдастырып, Бояркин қақпадан шығып қалып, Антон Ланделл алдымен торға түспеді, алайда мүмкіндікті пайдаланып, шабуылды нәтижеге жеткізді. 1:0. Біздің тарап жауапты ұзақ күттірген жоқ. Қазақстан Петри Контиола алаңнан аластатылғаннан кейін 19 секунд өтісімен көпшілік құраммен гол салды. Никита Михайлис шебер пас беріп, Кирилл Панюков әлем чемпионатындағы алғашқы голын салды! Үшінші кезеңде ешбір команда гол сала алмады, ойын овертаймға ауысты. Мұнда да ештеңе шешілмей, бір күн бұрынғыдай ойын буллитпен аяқталды. Роман Старченконың дәл салған соққысы Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді. Есеп – 2:1!

Біздің құраманың сапынан қақпаға бағытталған 50 соққыға тойтарыс беріп, өткен кездесудің қаһарманына айналған Никита Бояркин үздік ойыншы атанды.

Қазақстан - Финляндия 2:1 Б (0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 33:24 – Ланделл (Линдбом)

1:1 – 35:56 – Панюков (Михайлис)

2:1 – 65:00 – Михайлис Б

Қақпашылар: Бояркин – Сятери

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ