Италиямен матчта бірінші кезеңнен кейін есеп 0:1 болды, ал екінші кезеңде қарсылас есеп теңестіре алмады. Төртінші топтың сенімді қимылдары Қазақстанды алға шығарды. Бұл шайба бүкіл командаға сенімділік беріп, тасымыз өрге домалады. Оның авторы – Егор Петухов. Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында шабуылшы өз әсерімен бөлісті.
- Егор, команда үшін аса маңызды сәтте салынған өз шайбаңыз жайында айтып берсеңіз.
- Қарсы аймаққа кірдік, Әлихан бортты бойлай жүрді, үш италиялық оған жүгіргенде, Артем Лихотников қақпа алдына келді, мен жалғыз қалдым да, Әлихан маған берді. Ол жерде бос қақпаға салу қалды. Ойын өте ұзақ болды, бұл 11-ші гол емес еді, матч әлі аяқталмаған кез. Алайда қуанышты сезім болды. Тек сезімімді тез тежедім, себебі әлі алда ұзақ ойын күтіп тұрды.
- Қандай сезімдесіз? Алда Норвегиямен кездесу күтіп тұр, онда жеңсеңіздер, плей-оффқа шығатындарыңыз анық.
- Негізгі матчтар алда күтіп тұр, бұл енді тарих, келесі кездесуге дайындалып жатырмыз.
- Бұл нәтиже норвегиялықтармен маңызды жекпе-жек алдында босаңсытып жібермей ме?
- Біздің командадағы ойыншылардың бәрі тәжірибелі, мұндай матчтар бәрінде болды, келесіге қалай дайындалу керектігін барлығы жақсы біледі, сондықтан жігіттердің психологиясында түйткіл жоқ, бәрі жақсы болады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ