logo
6 мая 2023
Дмитрий Бреус: «Тамаша сезімдемін»
Қазақстан құрамасының ең жас ойыншысы – Ресеймен матчта мұзға шыққан 19 жастағы Дмитрий Бреус. Ойыншы жасы әлі жастар құрамасына келсе де, алғаш рет ұлттық құрамаға аяқ басты. Матчтан кейін қорғаушы Sports.kz тілшісімен өз әсерлерімен бөлісті.
- Матч тізіміне енем деп күттің бе?
- Иә, күттім. Келісімен үшінші жұпта жаттықтым. Бірден емес әрине, таңмен дайындыққа үшінші жұппен шыққанда бірден түсіндім.

- Ресей құрамасына қарсы ойын қашан да оңай емес, матчта жаман көрінбеген сияқтысыңдар?
- Ресей ойыншылары сәл босаңсып шықты, егер біз бірінші, екінші кезеңдерде қаттырақ тырысып, екі гол салғанда, ойын басқаша аяқталар еді. Ал нәтижесінде біз өз сәттерімізді жүзеге асыра алмай, жеңілдік.

- Гол өткізгеннен кейін сәл артқа шегінгендей сезім болды ма?
- Иә, Ресей екінші-үшінші кезеңде жылдамдықты арттырды да, біз салмай жатқанымызды байқадық...

- Бірінші ойыннан алған әсерің қандай?
- Тамаша сезімдемін, бірінші рет ересектермен ойнап тұрмын. Қарсыластар да салмақты, ЖХЛ-да дене дайындығы жағынан оңайырақ, мұнда жылдамдық жоғарырақ.

- Темирлан Гайтамировпен жұптасып ойнаған қалай?
- Иә, біз бір-бірімізді естуге тырысамыз, ұдайы бір-бірімізге көмектесеміз. Мен оған сенім білдіремін.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ