logo
13 декабря 2022
Дінмұхамед Сапарбек: «Эмоциямды сөзбен айтып жеткізе алмаймын»

Жастар әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының алғашқы голын Венгриямен матчтың үшінші кезеңінде Дінмұхамед Сапарбек салды. Ойыннан кейін форвард өткен матч туралы ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында пікір білдірді.

- Эмоциям тасып тұр, жігіттер тер төкті, қақпашыға көмектесті, бәрі жақсы, бапкердің тапсырмасын орындадық. Бастысы, бірінші голды салдық, әрі қарай жолымыз ашылды. Ойын жүре бастады, сенімдірек ойнап бастадық.

- Сен салған шайба – құраманың турнирдегі алғашқы голы. Қандай сезімдесің?

- Эмоциямды сөзбен айтып жеткізе алмаймын, командаластарға рақмет, маған пас берді, мен тек алға ұмтылып шығып, гол салдым.

- Үшінші кезеңде шығып, жеңісті жұлып әкеткен кезде сендерді алға не сүйреді?

- Бізге осы ойынды жеңу керек болды, жігіттер тырысты, тек қақпаға қарай ұмтылдық. Осылайша, ұмтылып, алғашқы голды салдық.

- Жанкүйерлерге айтарың бар ма?

- Ата-анама, атама сәлем жолдаймыз. Олар біз үшін тақым қысып, жанкүйер болып отыр. Біз оны сеземіз. Көрсетер ойынымыз алда.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ