logo
21 ноября 2022
«Барыс» пен «Астана» балалар командалары түсініспеушілікті бейбіт жолмен шешті

Өткен сенбі, 19 қараша күні «Барыс-2012» және «Астана-2012» командалары арасындағы жолдастық кездесуден кейін ойыншылар мен екі команда бапкерлерінің арасында түсініспеушілік орын алды. Бүгін «Барыс-Арена» мұз сарайында балалар спорт мектебі әкімшіліктері, ата-аналар мен ойыншылар кездесті. Екі тарап жағдайды жан-жақты талқылап, бір-бірінен кешірім сұрады және тіл табысты.

Жағдай бейбіт жолмен шешімін тапты. Өз кезегінде «Барыс» және «Астана» БЖСМ алдағы уақытта осыған ұқсас жағдайлар қайталанбас үшін бапкерлермен, хоккейшілермен және ата-аналармен арнайы жұмыс жүргізуге келісті.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ